ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ЖҮК АҒЫНДАРЫНЫҢ ӨСУІ КЕЗІНДЕ ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАУШЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

Аңдатпа. Мақала теміржол тасымалдаушысының көлік жұмысының көлемін ұлғайту кезінде тасымалдау процесінің сенімділігін, үздіксіздігін және қауіпсіздігін сақтау қабілетін анықтайтын факторларды зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі тасымалдау көлемінің ұлғаюына, жүк айналымының өсуіне, тасымалдаудың орташа қашықтығының ұзаруына және транзиттік жүктеменің күшеюіне байланысты, бұл инфрақұрылымға, жылжымалы құрамға, диспетчерлік басқаруға, жөндеу базасына және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне әсердің жоғарылауына әкеледі. […]