ӘУЕ ТАСЫМАЛДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ «ЖАСЫЛ» ЛОГИСТИКА ЭКОНОМИКАСЫ
Аңдатпа. Зерттеудің мақсаты – авиациядағы жасыл логистика жобаларының экономикалық, экологиялық және операциялық нәтижелілігін кешенді бағалаудың қайта жаңғыртылатын тәсілін әзірлеу және оның Қазақстан контексінде қарастырылған иллюстрациялық сценарийде қолданылуын көрсету. Зерттеудің ақпараттық базасын Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO), Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының және Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің ресми құжаттары, нормативтік құқықтық актілер […]