СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘТІНДІК ТАПСЫРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІМЕН ЖАСАЛҒАН МӘТІНДІ АНЫҚТАУ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Аңдатпа. Қазіргі трансформерлік модельдер автоматты мәтін генерациясының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, жоғарғы оқу орындарында академиялық адалдықты қамтамасыз етуде жаңа сынақтарды туындатты. Дәстүрлі антиплагиат жүйелері студенттің өзіндік жұмысы мен жасанды интеллектпен жасалған материалды ажырата алмайды, сондықтан сенімді автоматты анықтаушылар әзірлеу өзекті болып табылады. Осыған байланысты мақалада студенттік жұмыстардағы ИИ-генерацияланған мәтінді анықтаудың үш негізгі әдісінің салыстырмалы талдауы жүргізілді. […]