МОБИЛЬДІ РОБОТТАР ҮШІН КОНТУРЛЫҚ ДЕТЕКЦИЯ АЛГОРИТМДЕРІН ТАЛДАУ

Аңдатпа. Автономды роботтардың маңызды міндеттерінің бірі – таныс емес ортада қауіпсіз қозғалу, мүмкіндігінше жасанды көру арқылы кедергілерді анықтау және тану болып табылады. Визуалды басқару жүйелері бірнеше жылдан бері дамытылып келеді. Олардың кейбірі жергілікті жасанды нысандарды қолданса, ал жетілдірілгендері табиғи нысандарға сүйенеді. Роботтардың автономды қозғалысы саласында, оған карталар жасау, маршрут жоспарлау және өздігінен орналасу (самолокация) кіреді, […]