ЕРТЕ ҚАРТАЮ БЕЛГІЛЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ

Аңдатпа. Ерте патологиялық қартаю көбіне жүрек-қантамыр ауруларымен байланысты, бұл аурулар әлеуметтік-экономикалық, метаболикалық, мінез-құлық және қоршаған ортаға байланысты тәуекел факторларының жиынтығынан туындайды. Бұл факторлар жыныстық айырмашылықтар, жас, жоғары қан қысымы, семіздік, физикалық белсенділіктің төмендігі, шылым шегу, алкогольді шамадан тыс пайдалану, холестерин мен глюкоза деңгейінің жоғарылығы және қант диабетін қамтиды. Адам ағзасындағы барлық процестер биохимиялық және иммунологиялық […]