ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН КОГНИТИВТІК МОДЕЛЬ: АРХИТЕКТУРА ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАР

Аңдатпа. Әлеуметтік желілер күрделі социо-цифрлық экожүйеге айналып, дезинформация, фишинг және пайдаланушылардың эмоциялық күйіне манипуляциялық ықпал сияқты қатерлермен ұштасуда. Өзектілік жасанды интеллект (ЖИ) пен ауқымды автоматтандыру әсерінен цифрлық тәуекелдердің үдеуімен негізделеді. Зерттеу пәні – әлеуметтік желілерде пайдаланушыны қорғауға арналған когнитивтік архитектура; мақсаты – қабылдау, интерпретация, жад, шешім қабылдау және этикалық сүзгі модульдерін біріктіретін үлгіні теориялық-тәжірибелік тұрғыда […]