БЕЙНЕЛЕРДЕГІ ШУЛАРДЫ БАСУ ӘДІСТЕРІ: ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ НЫСАНДАРДЫ ТАНУ ДӘЛДІГІН АРТТЫРУ
Аңдатпа. Нысандарды автоматтандырылған тану жүйелері өнеркәсіпте, робототехникада және экологиялық мониторингте кеңінен қолданылады, ал қалдықтарды сұрыптаудың интеллектуалды жүйелері аталған салалардың ішіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Дегенмен, кескіндерді алдын ала өңдеу сапасы, әсіресе шуды басу кезеңі, тану дәлдігіне тікелей әсер ететіндігіне қарамастан, әдебиетте қалдықтарды сұрыптау контекстіндегі әр түрлі шудан азайту әдістерінің жүйелі салыстырмалы талдауы жеткіліксіз […]