VERKLE АҒАШЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ
Аңдатпа. Мақалада қытайдың қалдықтар теоремасын қолдана отырып, Verkle ағашына негізделе ұсынылған цифрлық қолтаңбаның тиімділігін эксперименттік бағалау зерттелген. Кілттерді құру, қолтаңбаны қалыптастыру және оны тексеру алгоритмдерін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді. Ұсынылған схемада, Verkle ағашы міндеттемелерді ықшамды түрде көрсету үшін қолданылады, ал қытайдың қалдықтар теоремасы модульдік есептеулерді оңтайландыру және қолтаңба жасау мен тексеру операцияларының есептеу тиімділігін арттыру […]