ЖҮК АҒЫНДАРЫНЫҢ БОЛЖАМЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, АЛМАТЫ ТОРАБЫНЫҢ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ҚҰРАМДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОСПАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аңдатпа. Пойыздарды құрастыру жоспарын (ПҚЖ) оңтайландыру есебінен Қазақстан темір жолдарында тасымалдау үрдісінің тиімділігін арттыру транзиттік ағындардың өсуі жағдайында, әсіресе Алматы сияқты негізгі бөлімшелерде аса маңызды міндет болып табылады. Тасымалдауды басқарудың аумақтық орталығында (ТБАО-2) пайдаланылатын ПҚЖ есептеудің дәстүрлі әдістері көбінесе күрделі тармақталған полигондарда вагон ағындарының жаһандық оңтайландырылуын және жоғары транзитін қамтамасыз етпейді. Зерттеудің мақсаты Алматы бөлімшесінің […]