ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ МАНСАПТЫҚ ҰСЫНЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
Аңдатпа. Еңбек нарығының жылдам өзгеруі және білім беру деректерінің қолжетімділігінің артуы жағдайында жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі мансаптық ұсыным жүйелерін әзірлеу өзекті бағыттардың біріне айналды. Алайда деректер түрлері мен алгоритмдерді таңдау ерекшеліктерінің модельдердің болжамдық дәлдігі мен есептеу тиімділігіне әсері жеткілікті деңгейде жүйеленбеген. Осы зерттеудің мақсаты – ЖИ негізіндегі мансаптық ұсыным жүйелеріне арналған заманауи зерттеулерді жүйелеу және […]