XIX ҒАСЫР ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ЖАТСЫНУ МӘСЕЛЕСІ

Аңдатпа. Мақалада XIX ғасыр қазақ ойшылдарының көзқарасындағы жатсыну мәселесі қарастырылған. «Жатсыну» түсінігінің мәні заттық қоғамдық қатынастардың үстемдігі нәтижесінде адамның адамды қанау аясы кеңейтіліп, нәтижесінде жеке адамдардың зат деңгейіне түсіп, оларға тәуелді болатындығы. Мақала авторлары жатсынудың екі түрін қарастырады: саяси және моральдық. Саяси жатсыну биліктің еңбекші халыққа деген озбырлығы ретінде көрсетіліп, соның нәтижесінде шексіз билікке ие […]