RASPBERRY PI ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ НҮКТЕЛІК СУАРУДЫ БАСҚАРУДЫҢ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ

Аңдатпа. Бұл мақалада өсімдіктерді нүктелік суарудың автоматтандырылған жүйесін жасау процесі қарастырылады, оның ішінде компьютерлік көру және робототехникалық жүйелерді қолдану мәселелері зерттеледі. Қазіргі таңда ең алдыңғы қатарлы жүйелердің бірі – Raspberry Pi 4 шағын-компьютері мен веб-камера арқылы жұмыс істейтін FPV-агророботтар. Бұл жүйе өсімдіктің тамырына дәл суару үшін визуалды деректерді нақты уақытта бақылауға және талдауға мүмкіндік береді. […]

ЕРТЕ ҚАРТАЮДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТӘСІЛІ

Аңдатпа. Ерте қартаю-қазіргі медицинадағы ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл созылмалы аурулардың дамуына және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкелуі мүмкін тіндер мен мүшелердің тез тозуымен байланысты. Соңғы жылдары жасанды интеллект (ЖИ) диагностика мен болжаудың жаңа құралдарын ұсына отырып, денсаулық сақтауда шешуші рөл атқара бастады. Бұл мақалада ерте қартаю процестерін зерттеудегі жасанды интеллекттің заманауи жетістіктері, соның ішінде […]