ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР ҮШІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ DDOS ШАБУЫЛДАРЫНАН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ
Аңдатпа. Энергетикалық нысандарды цифрландыру олардың жұмыс істеуінің ажырамас бөлігіне айнала отырып, киберқауіптердің, соның ішінде қызмет көрсетуден бас тартуға бағытталған шабуылдардың (DDoS) артуына алып келуде. Мұндай шабуылдар SCADA жүйелері, IoT құрылғылары және интеллектуалды энергетикалық желілердің тұрақты жұмысын бұзып, сыни инфрақұрылымға елеулі қатер төндіреді. Мақалада энергетикалық сектордағы DDoS шабуылдарын анықтау мен болдырмаудың заманауи әдістері қарастырылады. Бұл мақсатта […]