МЕХАНИЗМДЕРДІ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН БОЛАШАҚ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМА ТАЛАПТАРЫ

Аңдатпа. Мақалада машиналар мен механизмдерді ультрадыбыстық диагностика әдістерін қолдануды реттейтін нормативтік құжаттарды талдау нәтижелері ұсынылған, сондай-ақ оларды дыбыс жиілігі саласындағы қолданыстағы стандарттармен салыстыру жүргізілген. Мұндай тәсіл қолдану салаларындағы айырмашылықтарды анықтауға және жаңа диагностикалық аспаптарды әзірлеу кезінде қолданыстағы нормаларды практикалық тұрғыдан пайдалану мүмкіндіктерін белгілеуге мүмкіндік берді.Арнайы назар қазіргі уақытта сатып алуға болатын ультрадыбыстық жиіліктегі өлшеу аспаптарына […]