RASPBERRY PI ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ НҮКТЕЛІК СУАРУДЫ БАСҚАРУДЫҢ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ

Аңдатпа. Бұл мақалада өсімдіктерді нүктелік суарудың автоматтандырылған жүйесін жасау процесі қарастырылады, оның ішінде компьютерлік көру және робототехникалық жүйелерді қолдану мәселелері зерттеледі. Қазіргі таңда ең алдыңғы қатарлы жүйелердің бірі – Raspberry Pi 4 шағын-компьютері мен веб-камера арқылы жұмыс істейтін FPV-агророботтар. Бұл жүйе өсімдіктің тамырына дәл суару үшін визуалды деректерді нақты уақытта бақылауға және талдауға мүмкіндік береді. […]