Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы киберомнциденттердің уақыттық динамикасы зерттеліп, алдыңғы қатарлы цифрлық мемлекеттермен (АҚШ, Сингапур) салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде уақыттық қатарларды талдаудың эконометрикалық құралдары: толықтырылған Дикки-Фуллер тесті (ADF), Йохансен (Johansen) коинтеграциялық тесті және Векторлық авторегрессия (VAR) моделі қолданылды. KZ-CERT деректеріне (2015–2025 жж.) жүргізілген талдау нәтижесінде ботнет желілерінің таралуы стационарлы және тұрақты жоғары деңгейде екені анықталды. Вирустар мен фишингтік шабуылдардың да өсімі байқалды. АҚШ (FBI IC3) және Сингапур (CSA) есептерімен салыстыру барысында Қазақстанда инфрақұрылымдық және техникалық сипаттағы қауіптердің басым екендігі, ал дамыған елдерде әлеуметтік инженерия мен мақсатты шабуылдардың үлесі жоғары екендігі айқындылды. Python программалау тіліндегі (pandas, statsmodels) есептеулер негізінде 2026–2028 жылдарға қысқа мерзімді болжам жасалып, ұлттық киберқауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар берілді.
Түйін сөздер: киберқауіпсіздік, математикалық модельдеу, VAR моделі, ADF тесті, ботнеттер, фишинг, салыстырмалы талдау.