Аңдатпа. ҚХР төрағасы Си цзиньпин 2013 жылдың қыркүйегінде оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуропа елдеріне тауарларды жылдам және үнемді жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрлық пен теңіз сауда жолдарын біріктіруді ұсынып, «Бір Белдеу, бір Жол» бастамасын көтерді. Осы бастама аясында екі жобаны — бірнеше экономикалық дәліздерді қамтитын Жібек жолының экономикалық белдеуін және 21 ғасырдағы Теңіз Жібек жолын біріктіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 150-ден астам ел Қытаймен осы бағдарлама бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты [1]. Өзінің тиімді географиялық орналасуын және тарихи Ұлы Жібек жолын заманауи форматта жаңғыртудың өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Қытайдан транзит үшін бәсекелестікке белсене араласып, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруда шешуші орын алуға ұмтылуда. Экспорттық және транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында ҚТЖ инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде, өйткені жүк тасымалы көлемінің өсуі теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін үнемі арттыруды талап етеді. Бұл мақалада Алматы жүк тасымалы бөлімінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жобаның техникалық тиімділігіне тоқталған. Бұл «Белдеу және жол» бастамасының негізгі транзиттік бағыттарының осы жүк тасымал бөлімі арқылы өтуіне байланысты. Қазақстанның ең ірі жүк тасымалы бөлімінің орналасқан жері мен инфрақұрылымын дамыту перспективалары Алматы жүк тасымалы бөлімінің «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында көлік жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуының маңызды факторлары болып табылады.
Түйін сөздер: көлік, тасымалдау, логистика, инфрақұрылым, көлік дәліздері, Бір белдеу-бір жол, транзиттік әлеует.