Аңдатпа. RCR (RW Condition Report – ҰҚЖ жай-күйі туралы хабарлама) тұжырымдамасы әуеайлақты пайдаланушы пайдаланылатын ҰҚЖ-да су, қар, батпақ, мұз немесе аяз болған жағдайларда ҰҚЖ бетінің жай-күйін бағалайды. Осындай бағалау нәтижелері бойынша ҰҚЖ жай – күйінің коды (RWYCC-RW Condition Code) және ұшу экипажы ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамаларын есептеу үшін пайдалануы мүмкін ҰҚЖ бетінің сипаттамасы бар ақпарат хабарланады. Типке, тереңдікке және ластану аймағына негізделген мұндай формат әуеайлақты пайдаланушының ҰҚЖ бетінің жай-күйін ең жақсы бағалауы болып табылады, алайда осыған қатысы бар барлық басқа ақпарат назарға алынады, ол үнемі жаңартылып отырады, ал шарттардың өзгеруі туралы дереу хабарланады. RWYCC-те беттің күйіне байланысты функция ретінде ҰҚЖ-да тежеу тиімділігінің сипаттамалары көрсетіледі. Осы ақпаратқа ие бола отырып, ұшу экипажы дайындаушы ұсынған ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамалары туралы ақпаратқа ие бола отырып, басым жағдайларда қонуға кіру кезінде әуе кемесін тежеудің қажетті қашықтығын айқындай алады.
Түйін сөздер: ұшу жолағы, ұшу алаңының жағдайы, бағалау форматы.