ҰШАҚСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫ СИМУЛЯТОРЛАРЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҰШҚЫШТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар: Тулеушова Р.Ж., Жирнова О.В.
ҒТАХР 50.43/50.53

Аңдатпа. Мақалада цифрлық технологияларды ұшқыштарды дайындау үдерісінде қолдану, атап айтқанда ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) симуляторларын пайдалану мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ҰҰА операторларын оқыту барысында симуляторлардың тиімділігін бағалау және олардың кәсіби негізгі дағдыларды дамытудағы рөлін анықтау. Зерттеу барысында қолданыстағы симуляторлар мен оларды қолдану әдістеріне талдау жасалып, дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырмалы талдау жүргізілді. Нәтижелер симуляторлар практикалық дағдыларды жылдам меңгеруге және нақты ұшулардағы қателіктерді азайтуға ықпал ететінін көрсетті. Қорытындыда симуляторларды қолдану арқылы дайындық бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріліп, авиациялық оқытудағы цифрлық технологияларды қолданудың болашақ зерттеу бағыттары көрсетілді.

Түйін сөздер: цифрлық технологиялар, симуляторлар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, ұшқыштарды дайындау, авиациялық білім, ҰҰА операторларын оқыту.