ҚАЗІРГІ ТАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Авторлар: Тулекова Г.Х.
ӘОЖ 811.512.122*373.6

Аңдатпа. Берілген мақалада мемлекеттік тілдің азааматтық авиация саласында алатын орны мен маңызы айтылған. Қазіргі уақытта авиация саласында мемлекеттік тілдің қаншалықты дәрежеде қолданылатыны нақты деректер арқылы талданған. Авиация саласы мамандарының әуежайдың тасымал қызметінде, тіркеу бағанында, ұшақ салонында мемлекеттік тілде қаншалықты дәрежеде сөйлейтіндігі мысалдар арқылы талданған. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында мемлекеттік тілдің қоғамдық, кәсіби қатынастарда, оның ішінде авиациялық-көлік жүйесінде қолдану аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін мәселелерге талдау жүргізілген. Мақалада мемлекеттік тілді білу — азаматтық парыз екендігі айтылған.

Түйін сөздер: қазақ тілі, мемлекеттік тіл, сауалнама, сұрақ, қоғам.

Нөмір мұрағаты:
№-4 (27) 2022

Айдарлар

Журналдар