Аңдатпа. Ерте қартаю-қазіргі медицинадағы ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл созылмалы аурулардың дамуына және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкелуі мүмкін тіндер мен мүшелердің тез тозуымен байланысты. Соңғы жылдары жасанды интеллект (ЖИ) диагностика мен болжаудың жаңа құралдарын ұсына отырып, денсаулық сақтауда шешуші рөл атқара бастады. Бұл мақалада ерте қартаю процестерін зерттеудегі жасанды интеллекттің заманауи жетістіктері, соның ішінде қартаю биомаркерлерін талдау, биологиялық жасты бағалау және жасқа байланысты аурулардың қаупін болжау үшін машиналық оқытуды пайдалану қарастырылады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, ерте қартаю, биологиялық жас, машиналық оқыту, биомаркерлер.