АВИАЦИЯҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ: ТƏСІЛДЕР МЕН МЫСАЛДАР

Авторлар: Сулейменова А.Н., Карипбаев С.Ж.
ҒТАХР 73.37.41

Аңдатпа. Авиация өнеркəсібінде техникалық қызмет көрсету маңызды процесс болып табылады, өйткені ол əуе кемелерінің жұмысының қауіпсіздігіне, сенімділігіне жəне үнемділігіне тікелей əсер етеді. Техникалық қызмет көрсету бағдарламалары ұшақтарды жақсы жұмыс күйінде ұстауға, ықтимал ақаулықтарды олар пайда болғанға дейін анықтауға жəне пайдалану шығындарын оңтайландыруға көмектеседі. Бұл мақалада техникалық қызмет көрсету бағдарламасы мен сенімділік бағдарламасына жəне оператор тəжірибесіне негізделген процедураларды бейімдеу мүмкіндігіне баса назар аудара отырып, əуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыру тəсілдеріне назар аударылады.

Түйін сөздер: техникалық қызмет көрсету бағдарламасы, сенімділік бағдарламасы, тиімділікті арттыру, оңтайландыру, техникалық қызмет көрсетуде статистикалық əдістерді қолдану.