ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ КӨЛІКТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар: Ляпбаева Н.И.
ӘОЖ 316.4

Аңдатпа. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада «әлеуметтік қауіпсіздік» ұғымына талдау жасалып, көліктегі әлеуметтік қауіпсіздіктің кейбір мәселелері қарастырылады. Алдымен жалпы әлеуметтік қауіпсіздіктің теориялық мәселелерінің маңызды тұстарына тоқтала отырып, зерттеушілер көліктегі әлеуметтік қауіпсіздіктің кейбір маңызды аспектілерін атап көрсетеді. Өйткені, қоғамдық маңыздылығы деңгейі бойынша көлік қоғамдық қатынастар жүйесінде жетекші орындардың бірін иемденеді. Көлік қызметін елдің барлық халқы дерлік пайдаланады. Қауіпсіздік — күрделі әлеуметтік құбылыс, ол құрылымы жағынан алғанда да көпжоспарлы және көп қырлы болып келеді, қоғамда да әр түрлі жағдайда көрініс береді. Сонымен бірге әр түрлі әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынастарындағы қарама-қайшы мүдделерді де көрсетеді. Мәселен, олардың бірі өзінің қауіпсіздігін басқалардың тарапынан, бірақ олардың, яғни басқа адамдардың, топтардың, халықтардың мүддесімен санаспай қамтамасыз еткісі келеді, ескі және эгоистік көзқарастар тұрғысынан ойланады, сөйтіп тіпті заңдарды да елемеуге тырысатын жағдайлар ұшырасады. Әсіресе, қазіргідей арта түскен жаһандану жағдайында қауіпсіздік алдыңғы орындардың біріне шықты. Көлікке мінген адамдардың қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлердің қазіргі таңда көбеюі жағдайында қауіпсіздікке деген қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында түрлі мекемелер мен ұйымдардың ортақ бір консенсусқа келу мәселесі пайда болады.
Сондықтан да, көліктегі қауіпсіздік мәселесі қазіргі күннің өзектегі мәселесіне айналып отыр. Мақалада авторлар көліктегі әлеуметтік қауіпсіздік тұжырымдамасын жасау мен әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу көліктің әр алуан түрлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты құрылымдарды біріктіруге мүмкіндік беретіндігін, қауіпсіздіктің принциптерін жүзеге асырудағы бірыңғай көзқарастар мен тәсілдерді жасауға көмектесетіндігін атап көрсетеді.

Түйін сөздер: әлеуметтік қауіпсіздік, көліктегі әлеуметтік қауіпсіздік, қоғам, көлік жүйесі, жолаушылар тасымалдау.

Нөмір мұрағаты:
№-2 (25) 2022

Айдарлар

Журналдар