ЭТНОЭСТЕТИКА КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Авторлар: Акбаева А.Н. , Акбаева Л.Н
УДК 378.147:7.01(574)

Аңдатпа. Мақалада этноэстетиканың негізгі ұғымдары ретінде этноэстетикалық категориялар жүйесі қарастырылып отыр. Қазақ эстетика ғылымында эстетика категориялары үш деңгейде қарастырылады: 1) философиялық, яғни эстетикалық категорияларды философиялық-эстетикалық контексте талдау тұрғысында; 2) қазақ аспаптық музыкасындағы музыкалық эстетикалық категорияларды қарастыратын өнертануда; 3) қазақ әдебиеті контекстіндегі эстетикалық категорияларды әдеби зерттеу тұрғысында.
Авторлар негізгі этноэстетикалық категориялар жүйесін келесі топтарға бөліп қарастырды: 1) «әдемілік», «асқақтық», «қаһармандық»; 2) «ұсқынсыздық»; 3) «комедиялық» және «трагедиялық».
Этноэстетикадағы «әдемілік» категориясы метакатегория ретінде қарастырылып, ол табиғат пен адамда кездесетін жарқын бейнелермен байланыстырылған. «Асқақтық» категориясы қазақ поэзиясында қалыптасып, табиғаттағы айбындылықтың көріністерінен орын алды. «Қаһармандық» категориясы «асқақтық» және «трагедиялық» категорияларымен сәйкестендіріліп, Отанды қорғау және әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күрес тақырыптарында көрініс алған. Этноэстетикадағы «ұсқынсыздық» категориясы қазақ ауызша-поэзияалық шығармашылығы мен көркем әдебиетінде дамып, символдық-аллегориялық, әлеуметтік-моральдық, физиологиялық көріністерде жүзеге асады. «Комедиялық» категориясы қазақ ауызша поэзиясы мен көркем әдебиетінде (әдеби комедия жанрында) эмпирикалық деңгейде барынша дамыған. «Трагедиялық» категориясы қазақ көркем әдебиетінде негізінен трагедиялық махаббат тақырыбымен байланысты дамыды.

Түйін сөздер: этноэстетика, этноэстетика категорияларының жүйесі, «әдемілік» категориясы, «асқақтық» категориясы, «қаһармандық» категориясы, «ұсқынсыздық» категориясы, «комедиялық» категориясы, «трагедиялық» категориясы.

Нөмір мұрағаты:
№-1 (24) 2022

Айдарлар

Журналдар