ЖОЛЖҮГІН ТЕКСЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ: ТОМОГРАФТАР ӘУЕЖАЙЛАРДАҒЫ ЖОЛЖҮКТІ ТЕКСЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

Авторлар: Темиртасова С.Т., Абжапбарова А.Ж.
ҒТАХР 73.37.61

Аңдатпа. Мақалада авиациялық қауіпсіздік жүйесінде томографтарды қолдану, сондай-ақ багажды сканерлеу үшін томографтарды пайдаланудың артықшылықтары тыйым салынған заттарды тиімдірек анықтау және тексеру жылдамдығын арттыру ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — томографтарды қолданыстағы қауіпсіздік жүйесіне енгізудің тиімділігін бағалау, олардың қолданыстағы техникалық құралдармен қалай интеграциялануы, сондай-ақ дәстүрлі технологиялардан томографтарды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау. Зерттеу барысында тексеру технологияларының бөлігі ретінде қолданыстағы жүйелер мен томографтарға талдау жүргізілді, авиациялық қауіпсіздік жүйесіндегі дәстүрлі технологиялардан жаңа технологияның тиімділігіне салыстырмалы талдау жасалды. Қорытындыда рентгеноскопия көмегімен жолжүгін және қол жүгін тексерудің дәстүрлі технологиясынан компьютерлік томографияның заманауи технологиясын қолдануды салыстырмалы талдаудан қорытынды келтіріледі.

Түйін сөздер: томографтар, жолжүгі, тексеру, қауіпсіздік жүйесі, авиациялық қауіпсіздік, әуежай.