БАҒДАРЛАМАҒА ШОЛУ CLEAN AVIATION (ТАЗА АВИАЦИЯ). ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІН АЗАЙТУДА ОНЫҢ РӨЛІ

Аңдатпа. Бұл мақалада Clean Aviation еуропалық инновациялық ғылыми-техникалық бағдарламасына шолу, оның негізгі бағыттары, кейбір аралық нәтижелер көрсетілген және әзірленіп жатқан жобалар мен өнімдер, технологиялар тізімі берілген. Жұмыстың мақсаты – авиациялық өндірісті дамытудың заманауи тенденцияларының мәнін сипаттау, әуе көлігінің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын инновациялық шешімдер мен технологияларды қарастыру. Авторлар «Таза авиация» бірлескен бастамасы […]