ТРАНСФОРМЕР МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІН ЖІКТЕУ: RUBERT ЖӘНЕ XLM-ROBERTA МОДЕЛЬДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Аңдатпа. Бұл зерттеу қоғамдық көлік жолаушыларының пікірлерін автоматты түрде жіктеу үшін трансформер негізіндегі модельдерді әзірлеу және олардың өнімділігін бағалауға бағытталған. Мақсаты — пікірлерді өңдеуді жетілдіру және мәселелерді шешуді оңтайландыру. Жолаушылардың кері байланысын тиімді өңдеу — қоғамдық көлік қызметтерін жақсартудың маңызды бөлігі, себебі шешілмеген шағымдар мен операциялық тиімсіздік жолаушылардың қанағаттануын төмендетіп, логистикалық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кілтсөздерге […]

ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДЕГІ ЯДРОЛАРДЫ СЕГМЕНТАЦИЯЛАУ ДӘЛДІГІНЕ ДЕРЕКТЕРДІ КЕҢЕЙТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ШУДЫҢ ӘСЕРІН ТЕРЕҢ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ

Аңдатпа. Медициналық кескіндерді сегменттеу биомедициналық информатиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, әсіресе онкологиялық ауруларды диагностикалау контекстінде. Тіндердегі морфологиялық өзгерістерді анықтау үшін қажет жасуша ядроларын дәл сегментациялау міндеті ерекше өзекті болып табылады. Алайда, бұл саладағы негізгі сын-қатер мен проблемалар кескін сапасының өзгергіштігі, қол жетімді деректердің шектеулі көлемі және терең оқыту модельдерінің жоғары дәлдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз […]

ЗАТТАРДЫҢ ОПТИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТІ

Аңдатпа. Мақалада интернет заттардың технологиясын кеңінен енгізу проблемалары қарастырылған, өмірді зияткерлік жүйелерді енгізу үшін оптикалық сымсыз байланыс негізінде перспек- тивалық бағыттар берілген. Түйін сөздер: заттар интернеті, оптикалық сымсыз байланыс, деректерді беру, Visible Light Communications, оптикалық камера.