СПУТНИКТІК ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША СЕЙСМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ АЙМАҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа. Спутниктік гравитациялық деректер сейсмикалық белсенді аймақтарды талдау үшін қолданылады. Gose және GRACE спутниктерінен гравиметриялық деректерді өңдеу нәтижесінде ауырлық күшінің тік градиентінің жаһандық гравиметриялық картасы және Солтүстік Тянь-Шань аймағы үшін гравиметриялық карта алынды. Ірі жер сілкінісі ошақтарының эпицентрлері ауырлық күшінің тік градиентінің күрт өзгеру аймақтарының орналасуымен байланысты екендігі анықталды. Қолдану саласы: геодинамика, сейсмология, геофизика.