ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ КӨЛІКТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аңдатпа. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада «әлеуметтік қауіпсіздік» ұғымына талдау жасалып, көліктегі әлеуметтік қауіпсіздіктің кейбір мәселелері қарастырылады. Алдымен жалпы әлеуметтік қауіпсіздіктің теориялық мәселелерінің маңызды тұстарына тоқтала отырып, зерттеушілер көліктегі әлеуметтік қауіпсіздіктің кейбір маңызды аспектілерін атап көрсетеді. Өйткені, қоғамдық маңыздылығы деңгейі бойынша көлік қоғамдық қатынастар жүйесінде жетекші орындардың бірін иемденеді. Көлік қызметін елдің барлық халқы дерлік пайдаланады. […]