Аңдатпа. АТ саласындағы үрдістер үнемі өзгеріп отырады және жаңа оқиғаларды алдын ала болжау ұйымның цифрлық ресурстарды, соның ішінде үлкен деректерді басқарудағы сәттілігінің негізгі факторы болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты нақты уақыт режимінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үлкен деректерді зерттеу және талдау. Библиометриялық талдау нәтижесінде зерттеуге қатысты кілт сөздер енгізілген 137 ақпарат көзінен алынған 323 ғылыми мақала алынды. Зерттеуге журналдық мақалалар, кітаптардың бөлімдері және патенттер кірді. Ғылыми мақалалар Scopus және WoS дерекқорларында алғашқы және қайталама кілт сөздер бойынша сұратылды. Зерттеуде келесі әдістер қолданылды: (а) 2013-2023 жылдар аралығында жарияланған мақалаларға негізделген жүйелі әдеби шолу және (б) 2000-2023 жылдар аралығында мақалаларға библиометриялық талдау жүргізілді, RStudio және Bibliometrix бағдарламалары қолданылды. Жүргізілген талдау негізінде авторлар алдағы онжылдықтарда цифрлық қоғамның іскерлік әлемі адам мінез-құлқы мен жасанды интеллект туралы терең білімге негізделген киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үлкен деректерді өңдеуге бағытталған стратегиямен анықталатынын қорытындылайды. Бұл талдау техникалық мамандарға цифрлық қоғамдағы АТ және үлкен деректерді енгізуге арналған жаңа технологиялық шешімдерді негіздеу үшін қолданылуы мүмкін, сондай-ақ үлкен деректерді қолданбалы мақсаттарда жаппай өңдеу кезінде киберқауіпсіздікті жақсарту туралы ұсыныстардың негізділігін дәлелдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер: үлкен деректер, сандық ресурстар, дерекқорлар, библиометриялық талдау, ақпараттық технологиялар, деректерді интеллектуалды талдау.