ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗДЕРІН ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар: Пернебеков С.С., Джунусбеков А.С., Дутбаев Ж.Т., Омаров Б.А., Назымбетов Б.Б.
ҒТАХА 73.31.75

Аңдатпа. Жаһандық экономиканың дамуы, халықаралық сауда көлемінің артуы және жеткізу тізбектерінің күрделенуі көлік-логистикалық жүйелердің стратегиялық маңызын күшейтуде. Осы үдерістер аясында транзиттік әлеуеті жоғары мемлекеттер үшін көлік-логистикалық қызметтер экономикалық өсудің маңызды факторына айналуда. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі құрлықтық бағыттар торабында тұр. Бұл жағдай елдің халықаралық көлік дәліздері жүйесіндегі рөлін күшейтуге және көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға объективті алғышарттар жасайды. Мақаланың мақсаты — халықаралық көлік дәліздерінің дамуы жағдайында Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мүмкіндіктерін кешенді түрде талдау және оны іске асырудың басым бағыттарын анықтау. Зерттеу барысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін негізгі халықаралық көлік дәліздерінің қызметі, транзиттік жүк тасымалының динамикасы, көлік инфрақұрылымының даму деңгейі қарастырылды. Әсіресе теміржол көлігі мен мультимодальды логистикалық тораптардың рөліне баса назар аударылды. Зерттеу нәтижелері көлік-логистикалық әлеуеттің қазіргі таңда негізінен транзиттік функция арқылы іске асырылып отырғанын және қосылған құн деңгейінің шектеулі екенін көрсетті. Қорытындыда көлік инфрақұрылымын жетілдіру, логистикалық хабтар желісін дамыту және цифрлық технологияларды енгізу Қазақстанның халықаралық көлік жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарттары ретінде негізделді.

Түйін сөздер: көлік-логистикалық әлеует, халықаралық көлік дәліздері, транзит, теміржол көлігі, мультимодальды тасымал, логистикалық хаб, көліктік инфрақұрылым.