Аңдатпа. Криптографиялық алгоритмдерінің ішінде блокты шифрлау алгоритмдері құпия ақпараттарды рұқсат етілмеген пайдаланушылардан сенім қорғау үшін қолданылады. Көптеген мемлекеттерде блокты шифрлау алгоритмдерінің өзіндік стандартары бекітіліген. Ол өз кезегінде ақпараттарды сенімді қорғауға мүмкіндік береді. Ал Қазақстанда мұндай ақпараттарды қорғау алгоритмдерінің стандарттары бекітілмегенін ескерсек, онда блокты шифрлау алгоритмдерін құру, олардың криптоберіктілігін зерттеу әрқашанда өзекті мәселелердің бірі. Бұл мақалада блокты шифрлау «EM Chiper» алгоритміне дифференциальдық және статистикалық талдау жүргізіліп нәтижелері ұсынылды. Блокты шифрлау алгоритмдерінің қауіпсіздігін зерттеудің негізгі әдістерінің бірі статистикалық қауіпсіздігін талдау болып табылады. Әдетте блокты шифрлауда қолданылатын түрлендірулер барысында жақсы араластыру мен шашырау сәтті түрде орындалса, онда алгоритмнің криптографиялық беріктігін жоғарғы деңгейде қорғауға мүмкіндік алуға болады. Статистикалық талдау жүргізу үшін алгоритм бағдарламалық жүзеге асырылып әртүрлі ұзындықтағы шифрмәтін алынды. Жүргізілген зерттеулерге сай ұсынылған алгоритмнің статистикалық талдаулары жоғары нәтиже көрсетті, яғни NIST ұсынған талаптарға сай A бағанадағы мәндері C мәнінен үлкен, ал В мәндері D мәндерінен үлкен екендігі анықталды. Дифференциалды талдаулар нәтижесі көрсеткендей ұсынылған алгоритм криптобекітілігі жағынан жоғары екендігі анықталды. Яғни 16 раундттан бастап кілтті табу ықтималдығы 2^(-126) тең. Сонымен қатар мақалада белгілі алгоритмдердің дифференциалды талдауларына нәтижелерімен салыстырмалы талдау жүргізіліп, танымал Camellia 128, AES 128 алгоритмдерімен шамалас нәтиже көрсеткендігі анықталды. Алдағы жұмыстарда басқада алгоримнің криптобекітілігі жан жақты зерттелініп нәтижелері мақала ретінде ұсынылатын болады.
Түйін сөздер. Блокты шифр, шифр, криптография, кілт, дифференциалды криптоталдау, статистикалық талдау, EM Chiper, S-блок.