ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БІРТУАР АҚЫНЫ – МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ

Авторлар: Тасилова Н.А.,Батырбаева М.А.
УДК 821.512.122.0: 94

Аңдатпа. Аталмыш мақалада қазақтың біртуары, халық арасында әулие атанған, ұлы ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы туралы айтылады. Бұл зерттеуде сопы ақынның өмірбаянына қысқаша тоқталып, шығу тегі, алғашқы ұстазы, шығармалары мен туындыларына жан-жақты талдау жасалады. Азан шақыртып қойған есімі Адам-Жүсіптің Мәшһүрге айналуы ерекше. Бұл оқиға ақын ғұмырын түбегейлі өзгерткендей әсер қалдырады. Мақалада бұған қатысты деректер мен ақынның өз өлеңінен үзінділер келтіріледі. Оның еңбектеріндегі дін туралы тақырыпта қарастырылған. Дереккөз ретінде М.Ж.Көпеевтің немересі Қуандық Жүсіптің мақалаларынан тың ақпараттар келтіріледі. Сонымен қатар көрнекті ойшылдың өмірбаянын, еңбектерін зерттеген тарихшылардың жинағынан, ұлы ақынның көзін көріп, шәкірті болған тұлғалардың естеліктері де дереккөз ретінде алынған.

Түйін сөздер: М.Ж. Көпейұлы, дастан, әулие, ағартушылық, дін, ислам.

Нөмір мұрағаты:
№-1 (24) 2022

Айдарлар

Журналдар