АВИАЦИЯДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУ

Авторлар: Толекова А.,Болысбекова А.,Нуркенова Г.
ӘОЖ 651.012:629.7

Аңдатпа. Мақсаты: Электрондық құжат айналымын қолданудың толық және қауіпсіз процесін анықтау.
Әдіснамасы. Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды:
1) коммуникациялық талдау;
2) Функционалдық талдау;
3) диверсиялық талдау;
4) синергетикалық талдау;
5) синтез.
Қолдану саласы. Бұл жұмыс электрондық құжат айналымын қолдану үшін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде көмекші зерттеу ретінде қолданылуы мүмкін.
Нәтижелері. Осы жұмыстың нәтижелері:
1) авиация саласындағы негізгі құжаттар туралы бастапқы ұсыну;
2) авиациядағы құжат айналымының негізгі элементтері;
3) электрондық құжат айналымын жүргізу жөніндегі ұсынымдарды қамтуға тиіс.
Тұжырымдар. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі тұжырымдар алынды:
1) құжат айналымы қосалқы өндіріске де, негізгі өндіріске де қатысты кешенді процесс болып табылады;
2) құжат айналымының сақталуы аспектісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірі резервтік көшіру және құжаттарды материалдық түрде шығару болып табылады.

Түйін сөздер: электрондық құжат айналымы, құжат айналымын талдау, авиациядағы құжат айналымы, құжат айналымының стандарттары, қауіпсіз құжат айналымы.