Аңдатпа. Мақалада шет тілін оқытудағы «түпнұсқалық» ұғымының лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық аспектілері, сондай-ақ оның терминологиясы мен классификациясы әртүрлі лингвист ғалымдардың көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Оқу процесінде, оның ішінде ағылшын тілі сабағында тілдік ортаны ынталандыру кезінде түпнұсқалық материалды пайдаланудың тиімділігі талданады. Пайдаланылған түпнұсқалық мәтіндердің, академиялық және бейімделген сипаттағы материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әдіскер-филологтардың дәлелдері келтірілген.
Түйін сөздер: түпнұсқалылық, түпнұсқалық мәтіндер, академиялық қажеттіліктер, лексикалық бірліктер, лингвистикалық аспект, әлеуметтік-мәдени аспект, психологиялық аспект, түпнұсқалық емес материалдар, тілдік құзыреттілік.