БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ЭКОНОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН МОДЕЛЬДЕР

Авторлар: Сегизбаева Р.У. Исин М.Е. Гайсина Е.
УДК 37

Сегизбаева Р.У.,Исин М.Е.,Гайсина Е.
Аңдатпа. Мақалада болашақ инженерлерді даярлауда эконометриялық әдістер мен модельдердің қажеттілігін негіздеу мәселесі зерттелген. Бұл мәселені шешудің техникалық мамандық студенттерінің экономикалық дайындық сапасын арттыруға байланысты маңызы зор. Мәселені зерттеу үшін жұптық регрессия және жиынтық сызықтық регрессия арқылы шешілетін техникалық өндірістен алынған есептер қарастырылады. Жұптық регрессия Қазақстанда құрылыс материалдары өндірісінің көлемін болжауда, ал жиынтық сызықтық регрессия – қара металл сынықтарының Ресей саласындағы экономикалық көрсеткішін болжауда қолданылды. Техникалық мамандықтар студенттеріне арналған математикалық пәннің мазмұнына эконометриялық әдістерді қосу ұсынылады: жұптық регрессия, жиынтық сызықтық регрессия.


Түйін сөздер: экономикалық дайындық, техникалық мамандықтар студенттері, эконометриялық әдістер мен модельдер, жұптық регрессия, жиынтық сызықтық регрессия.

Нөмір мұрағаты:
№-1 (24) 2022

Айдарлар

Журналдар