ОҚУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БОТТАРЫН ҚОЛДАНУ

Авторлар: Жылқыбаев Т.С., Беккасимова Д.Т., Жақашева А.Д.
ӘОЖ 004.5

Аңдатпа. Мақалада оқу кафедрасының қызметінде әлеуметтік желілердегі боттарды қолдану себептері және оларды Telegram үшін бот мысалында құру әдісі қарастырылады. Бот жасау үшін Python бағдарламалау тілі және telebot библиотекасын қолданылады. Боттар білім алушыларға жиі қойылатын сұрақтарға тез жауап алуға мүмкіндік береді. Оқу кафедраларының боттарын қолдану талапкерлерге қажетті мамандық туралы ақпаратты білуге, ал мектеп басшыларына ЖОО-ның кәсіптік бағдар беру жұмысы үшін жауаптылармен байланысуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Телеграм, бот, Python, библиотекалар, ЖОО, оқу кафедрасы.

Нөмір мұрағаты:
№-1 (24) 2022

Айдарлар

Журналдар