Аңдатпа. Мақалада шағын қуатты жерсеріктік навигациялық қабылдағыштардың наноспутниктерде қолданылуы зерттеледі, біріздендірілген шағын GPS модульдерінің, наноспутниктерге және біріктірілген навигациялық қабылдағыштарға арналған микроэлектромеханикалық (MEMS) инерциялық өлшеу модульдерінің техникалық сипаттамалары талданады, сондай-ақ мүмкіндіктері зерттеледі. Интеграцияланған навигациялық Ішкі жүйе инерциялық сенсорлардың шығыс сигналдары арқылы көлік құралының жағдайын, жылдамдығын және бағытын бағалау үшін қолданылады.
Түйін сөздер: интеграцияланған навигациялық жүйе, Nanosat, CubeSat, MEMS қосымшалары, инерциялық өлшеу блогы (ИӨБ).