БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМГЕ КЕРІ ЫҚПАЛЫН ТӨМЕНДЕТУШІ АЙНЫМАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар: Исимова А.
ӘОЖ 37.013

Аңдатпа. Аталмыш зерттеу жұмысы білім алушылардың күйзелісінің академиялық
үлгерімдеріне әсерін және қызығушылықтың осы қатынасқа ықпалын зерттеді. Зерттеу
жұмысына респонденттер ерікті түрде қатысты және кездейсоқтық тәсілмен іріктеліп алынды.
Күйзелісті қабылдау, академиялық жетістік және қызығушылықты бағалаған өлшемдердің
осы зерттеу жұмысындағы сенімділік дәрежесі .70 және одан жоғары коэффициентке тең.
Бивариативті талдау арқылы қызығушылық пен күйзеліс арасындағы байланыстар анықталып,
оның нәтижесі бойынша теріс r корреляция деңгейі білім алушылардың қызығушылық деңгейі
неғұрлым жоғары болса, күйзелістің деңгейінің төмен болатындығын, керісінше, күйзелістің
деңгейі неғұрлым төмен болса, қызығушылықтың деңгейінің артатындығын көрсетті.

Түйін сөздер: күйзеліс, академиялық жетістік, қызығушылық, білім алушылар.

Нөмір мұрағаты:
№-2 (29) 2023

Айдарлар

Журналдар