Аңдатпа. Ерте патологиялық қартаю көбіне жүрек-қантамыр ауруларымен байланысты, бұл аурулар әлеуметтік-экономикалық, метаболикалық, мінез-құлық және қоршаған ортаға байланысты тәуекел факторларының жиынтығынан туындайды. Бұл факторлар жыныстық айырмашылықтар, жас, жоғары қан қысымы, семіздік, физикалық белсенділіктің төмендігі, шылым шегу, алкогольді шамадан тыс пайдалану, холестерин мен глюкоза деңгейінің жоғарылығы және қант диабетін қамтиды. Адам ағзасындағы барлық процестер биохимиялық және иммунологиялық талдауларда көрініс табады және олар жүрек-қантамыр жүйесінің ерте қартаюының маркерлері болуы мүмкін.
Авторлар білім, жұмыс, жыныс, отбасылық жағдай, мүгедектік, физикалық белсенділік, шылым шегу және алкоголь тұтыну сияқты әлеуметтік факторлар мен жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), инфаркттан кейінгі кардиосклероз (ИКС), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ), қант диабеті (ҚД), дене массасының индексі (ДМИ), глюкоза деңгейі, жалпы холестерин (ЖХ) және қан қысымы (ҚҚ) сияқты клиникалық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды зерттеді. Сонымен қатар, 65-74 жас, 75-89 жас және 90 жастан асқан пациенттердің клиникалық деректері (биомаркерлер) мен әлеуметтік өмірі арасындағы корреляцияны анықтады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, машиналық оқыту, ерте қартаю маркерлері, жүрек-қантамыр аурулары, иммундық қартаю, болжау.