Аңдатпа. Спутниктік гравитациялық деректер сейсмикалық белсенді аймақтарды талдау үшін қолданылады. Gose және GRACE спутниктерінен гравиметриялық деректерді өңдеу нәтижесінде ауырлық күшінің тік градиентінің жаһандық гравиметриялық картасы және Солтүстік Тянь-Шань аймағы үшін гравиметриялық карта алынды. Ірі жер сілкінісі ошақтарының эпицентрлері ауырлық күшінің тік градиентінің күрт өзгеру аймақтарының орналасуымен байланысты екендігі анықталды.
Қолдану саласы: геодинамика, сейсмология, геофизика.