«ТЕКТІЛІК» ЛИНГВОКОНЦЕПТІСІНІҢ КОГНИТИВТІК МОДЕЛЬДЕРІ

Авторлар: Жаледден М.Ә.
ӘОЖ 316.27

Аңдатпа. Бұл мақалада орта ғасырдан бастап зерттелініп келе жатқан, қазақ тіл ғылымындағы жаңа саласының бірі «когнитология» саласы туралы қарастырылады. «Когнитология» ғылымының басты нысаны концепт ұғымы, оның халықтық таныммен, тәрбиемен байланыстыра зерттелу жолдары туралы зерттеулер мен «концепт» терминінің тіл ғылымындағы зерттелу тарихы да көрсетілген.
Қазақ тіл білімі ғылымындағы когнитология ғылымының зерттелуі мен зерттеуші ғалымдар еңбектері аталып өтілген. Қазақ халқының болмысын көрсететін «тектілік» тілдік бірлігін когнитология ғылымымен байланыстыра зерттеп, оның концептік мағыналары ашып көрсетілген. «Тектілік» сөзінің когнитивтік модельдерін халықтық ұғымдармен байланыстырып, танымдық мағыналары тіл ғылымында қарастырылды.

Түйін сөздер: когнитология, концепт, когнитивтік модель,тектілік, таным, рухани құндылық.