Аңдатпа. Ұсынылған мақалада авиациялық терминдердің семантикалық қатынастарын модельдеудің әдістері BERT және RoBERTa тілдік модельдерін қолдану арқылы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі алдын ала дайындалған және аннотацияланған авиациялық терминдер корпустарын пайдаланумен айқындалады, олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және халықаралық реттеуші органдардың құжаттарынан алынған. Құрастырылған тілдік корпус ұшақтарды нақты пайдалану жағдайында авиациялық терминология семантикасын бағалау үшін қажетті негізді қамтамасыз етеді. Зерттеу әдіснамасы авиациялық терминдер корпусында алдын ала үйретілген тілдік модельдерді қайта баптауды (fine-tuning) қамтиды және ол косинустық ұқсастық, рангілік корреляция мен кластерлік метрикаларды өлшеуге негізделген. Эксперимент нәтижелері екі модельдің синонимдерді қадағалау, вариативтілік пен авиациялық дискурстағы мағыналық ығысудағы негізгі айырмашылықтарын көрсетті. Зерттеу нәтижелері модельдерді қайта баптау олардың байланысты терминдерді топтастыру қабілетін арттыратынын, өзара ұқсас, бірақ әртүрлі ұғымдарды ажырата алатынын және нәтижелерді сарапшылардың бағаларымен сәйкестендіретінін дәлелдейді. Бұл нәтижелер авиациялық терминологиялық ресурстарды дамытуға әдістемелік негіз ұсынады, трансформер модельдерін лексикографияда және онтология құруда қолдануға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: семантикалық жақындық, авиациялық терминология, тілдік модельдер, корпус лингвистикасы, трансформерлер, эмбеддинг, табиғи тілдерді өңдеу.