КИБЕРПРОПАГАНДАНЫ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ: ГИБРИДТІ МОДЕЛДІ ҚОЛДАНУ

Авторлар: Жарылқапова М.Ж., Темірбек Д.Б., Мамбетов С.Т., Джолдасбаев О.К., Өксікбаев Е.Е.
ҒТАХА 20.23.17

Аңдатпа. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ақпараттық манипуляциялардың және киберпропаганданың таралуы қоғам үшін үлкен қауіп тудырып отыр. Әлеуметтік желілерде түрлі көзқарастарды қалыптастыру және қоғамды басқару мақсатында киберпропаганда кеңінен қолданылуда. Бұл құбылыс саяси жағдайларға, экономикалық тұрақтылыққа, сонымен қатар, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Осы жұмыста киберпропаганданы анықтау және бақылау үшін қолданылатын әдістер талқыланады. Гибридті модельдер бірнеше алгоритмдердің нәтижелерін біріктіріп, мәтіннің контекстін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс әсіресе көп тілде және үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істегенде тиімдірек. Мақалада киберпропаганданы анықтау процессі бірнеше модельдер көмегімен қарастырылады. Сонымен қатар, CNN, Random Forest және гибридті модельдер бойынша алынған нәтижелер салыстырылып, олардың тиімділігі көрсетіледі. Нәтижелер жоғары дәлдікке ие екендігі анықталады, бірақ CNN моделінің жоғары есептеу шығындарымен және деректермен жұмыс жасаудағы қиындықтары да бар. Бұл зерттеу гибридті модельдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, олардың нақты жағдайларда тиімділігін талқылайды.

Түйін сөздер: киберпропаганда, гибридті модель, CNN, Random Forest, әлеуметтік желілер.