АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРІН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар: Абдибек П.А., Карсыбаев Е.Е.
ӘОЖ 656.7:504

Аңдатпа. Қазіргі азаматтық авиация қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Азаматтық авиация саласы қатты ластаушы болмаса да, оның кейбір нысандары әуежай мен оның айналасындағы жағымсыз әсерлердің негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, әуежай аймағындағы жағымсыз әсерлер кейде рұқсат етілген шектен асып түседі. Ұшақтар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету мен қатар адамның денсаулығына әсер ететін дыбысты дауылдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Әуе кемесінің жағымсыз әсер ету факторларына мыналар жатады: шу, ластаушы заттардың шығарындылары, электромагниттік сәулелену, дыбыстық шуылдар. Қазіргі уақытта әуе кемелерінің шуылдары және ластаушы заттардың шығарындылары әуежай аумағында әуе кемелерін пайдалану кезінде жағымсыз әсер етудің маңызды факторлары болып саналады.

Түйін сөздер: Қоршаған орта, аэродром, әуежайлар, ұшақтар, электромагниттік сәулелену, дыбыстық шуылдар, химиялық заттар.