Аңдатпа. Мақалада авторлар республикадағы жоғары оқу орындарында «Этностетика»
пәнін енгізу қажеттілігімен өзектелген Қазақстандағы этноэстетикалық тәрбиенің
актуальдылығы мен практикалық маңыздылығын ашып көрсеткен. Пәнді оқытудың мақсаты
– тұлғаның этностетикалық типін қалыптастыру. Тек ондай тип қазақ қоғамына
тұрақтандырушы, ұзақ мерзімді бағдарланған рухани принципті енгізе алады. Этноэстетика
пән ретінде үш бөлімнен тұрады: 1) қазақ эстетикасының даму тарихы; 2) этноэстетикалық
тәрбие; 3) теориялық этноэстетика. Этноэстетика тарихы жасырын формадан (эмпирикалық материал) және айқын формадан (теориялық еңбектерден) тұрады. Екінші бөлімге этноэстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері мен оның құралдарын – қазақ халық өнері (ауызша-поэзиялық,
музыкалық (аспаптық және әншілік), сәнді-қолданбалы өнер, ұлттық мерекелер мен ойындар),
кәсіби өнер (көркем әдебиет, сәулет, кино, бейнелеу өнері, би және театр өнерлері) жатады.
Этноэстетиканың теориялық бөлімі этноэстетика пәнін, категориялар мен құндылықтар
жүйесінен, ұлттық тұлғаның идеалды үлгісін және қазақ эстетикалық мәдениетін қамтиды.
Түйін сөздер: этноэстетика, этноэстетикалық тәрбие, қазақ эстетикалық ой тарихы,
этноэстетикалық тәрбие, теориялық этноэстетика, қазақ халық және кәсіби өнері, қазақ
эстетикалық мәдениеті