VERKLE АҒАШЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

Авторлар: Сақан Қ.С., Алғазы К.Т., Варенников А.В., Абишева А.Ж.
ҒТАХА 81.93.29

Аңдатпа. Мақалада қытайдың қалдықтар теоремасын қолдана отырып, Verkle ағашына негізделе ұсынылған цифрлық қолтаңбаның тиімділігін эксперименттік бағалау зерттелген. Кілттерді құру, қолтаңбаны қалыптастыру және оны тексеру алгоритмдерін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді. Ұсынылған схемада, Verkle ағашы міндеттемелерді ықшамды түрде көрсету үшін қолданылады, ал қытайдың қалдықтар теоремасы модульдік есептеулерді оңтайландыру және қолтаңба жасау мен тексеру операцияларының есептеу тиімділігін арттыру үшін қолданылады. Алгоритмдердің уақыт бойынша сипаттамаларына талдау жасалды, сонымен қатар, күрделілік көрсеткіштері көрсетілді. Статистикалық сенімділікті қамтамасыз ету үшін, эксперименттік нәтижелер көпретті сынақтар жүргізетін бекітілген есептеу платформасында алынды. Құрылған қолтаңба алгоритмінің негізгі параметрлері мен орындалу уақыты бойынша Kate-Zaverucha-Goldberg (KZG) көпмүшелік міндеттемелерінің классикалық схемасының цифрлық қолтаңбасымен салыстырмалы талдау жасалды. Алынған нәтижелер Verkle ағашына қытайдың қалдықтар теоремасын қолдана отырып цифрлық қолтаңбаларды құру перспективалы бағыт екенін көрсетеді.

Түйін сөздер: Verkle ағашы, векторлық міндеттеме, көпмүшелік міндеттеме, қытайдың қалдықтар теоремасы, цифрлық қолтаңба, аутентификация, тексеру.