Аңдатпа. Мақалада адамның/халықтың денсаулығы және ауру мәселелеріне әлеуметтік және табиғи құбылыстар ретінде тарихи, әлеуметтік-саяси, моральдық-эстетикалық, психофизиологиялық аспектілері тұрғысында социологиялық талдау жасалған. Денсаулыққа әсер ететін факторлар мен ауру мен аурушаңдықтың физикалық себептері талданады. Салауатты өмір салтының әлеуметтік және биологиялық факторлары қарастырылған. Сонымен қатар, авторлар адамға қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсер етуі нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға (туберкулез, ЖИТС, онкологиялық аурулар) талдау жасайды.
Түйін сөздер: денсаулық, ауру, медицина, салауатты өмір салты, әлеуметтік маңызы бар аурулар.