САПА МЕНЕДЖМЕНТІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕЖАЙ КЕШЕНДЕРІНІҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар: Татибекова Ж.Р.,Абжапбарова А.Ж.
ӘОЖ 347.82:656.7:330.131

Аңдатпа. Авиациялық қауіпсіздік авиациялық қызметке байланысты немесе әуе кемесінің жұмысына тікелей қолдау көрсетумен байланысты тәуекелдер төмендетілетін және басқарылатын деңгейге дейін болатын авиациялық жүйенің немесе ұйымның жай-күйін білдіреді. Авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды бағыт – әуе жолаушыларын тексеру процедураларын жеңілдету және жеделдете отырып, жаңа, инновациялық технологиялар мен техникалық құралдарды енгізу арқылы оның деңгейін көтеру. Бұл мақалада азаматтық авиацияның әуежай кешендерінің авиациялық қауіпсіздік жүйесін жетілдірудегі рөлін қарастырамыз. Жұмыстың жаңалығы қауіпсіздікті арттыра отырып, жолаушыларға қызмет көрсету жұмысын азайту үшін жаңа сапалы технологияларды қолдануындау және авиациялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру болып табылады. Алынған нәтижелердің сенімділігі, ғылыми ережелердің, қорытындылар мен практикалық ұсыныстардың негізділігі тәжірибелер мен зерттеулермен, сондай-ақ жарияланымдармен расталады.

Түйін сөздер: Әуежай, қауіпсіздік, жаңа технология, стационарлық металл детекторлар, қол металл детектор, газ анализатор.

Нөмір мұрағаты:
№-4 (27) 2022

Айдарлар

Журналдар