Аңдатпа. Бағдарламалау тілдерін және ақпараттық технологияларды оқыту саласында білім беру мазмұнын құру кезінде студенттердің практикалық тапсырмаларын тексеру процесін жоғары сапалы автоматтандыру білім сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Студенттік кодты автоматтандырылған тестілеу мен тексерудің көптеген тәсілдері бар, олардың әрқайсысының өзіндік сипаттамалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл жұмыста ақпараттық технологиялар бойынша білім беру курстарындағы практикалық тапсырмаларды автоматты түрде тексерудің қолданыстағы тәсілдерін салыстырмалы талдау және жіктеу қарастырылған.
Түйін сөздер: ЖАОК, онлайн курстар, тестілеу, онлайн оқыту, Автоматты тестілеу.